Күндізгі стационар
Біздің мақсатымыз
«Тәулік бойы медициналық бақылауды талап етпейтін аурулар кезінде пациенттерге қолжетімді сапалы медициналық көмек көрсету».
Негізгі міндеттері
"Терапиялық, хирургиялық, гинекологиялық профильдегі пациенттер, және балаларды уақтылы кешенді емдеу және тексеру".
«Қостанай қаласының № 4 емханасы» КМК күндізгі стационары-29 төсектік көпбейінді бөлімше:
- балалар төсектері-1
-гинекологиялық төсек-1
-хирургиялық төсектер-4
- терапиялық төсек-23
Күндізгі стационардың құрылымдық және штаттық саны:
Бөлім меңгерушісі - Григорьевская С. В.
Жоғары санатты акушер – гинеколог дәрігері - Бижанова Е.Х.
Жоғары білімді, жоғары санатты аға медбике - Карпенко В.А.
Күндізгі стационарды басқаруды меңгеруші жүзеге асырады (Григорьевская Светлана Владимировна-жоғары санатты дәрігер, медицинадағы жалпы жұмыс өтілі 25 жылдан астам, «Қостанай қ . № 4 емханасы» КМК күндізгі стационардағы жұмыс өтілі 10 жылдан астам).
Күндізгі стационардың аға медициналық бикесі Карпенко Валентина Алексеевна жоғары санаты бар, жалпы жұмыс өтілі 21 жыл, «Қостанай қ . № 4 емханасы» КМК күндізгі стационардағы жұмыс өтілі – 1 жыл).
Емшара жасайтын медбикелер
№ 330 күндізгі стационардың емшара жасау кабинеті (жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз).
Күндізгі стационардың жұмыс сағаты 08:00-ден 18:00-ге дейін.
Пациенттерді емдеуге жатқызуға қабылдау сағаты 09:00 – ден 13:00 – ге дейін № 339 кабинет
Пациенттерді шығару уақыты 14:00 - ден 15:00-ге дейін № 339 кабинет
Біздің ұранымыз: «Қол жетімділік және сапа!»
Күндізгі стационардың функциялары
Науқастарды емдеу стандарттары мен хаттамаларына сәйкес заманауи технологияларды қолдана отырып емдеу.
Медициналық бақылаумен күн ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін емдеу рәсімдерін жүргізу.
Тәулік бойы стационардан ерте мерзімде шығарылған науқастарды емдеу.
Хирургиялық және гинекологиялық бейіндегі науқастарды кейіннен байқаумен және дәрі-дәрмекпен емдеумен жедел емдеу.
Күндізгі стационар пациенттерінің арасында санитариялық-профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулары бар пациенттер тобын белсенді жоспарлы сауықтыру.