Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Туберкулез бен жүктілік

Қазіргі уақытта өкпе туберкузімен сырқаттанушылықтың ұрпақ әкеле алатын жастағы әйелдер, оның ішінде жүктіәйелдер арасында өсуі біліне бастады. Жүктілік кезінде дертке шалдығу, әдеттегідей, басында батпандап кіреді де, мысқалдап шығады. Жалпы көп жағдайда сырқаттанудың ауыр формасы орын алады. Жүктілік кезінде сырқаттың өтуіне организмдегі болатын өзгерістердің де белгілі бір әсері болады: организмнің иммунологиялық қорғануының кемуі, жүйке, тыныс алу, жүрек-қантамырлық жүйе, бүйрек қызметтерінің өзгеріске енуі, жатыр кешенінің қалыптасуымен байланысты әйел организмінің гормондық қайта құрылуы. Өкпе туберкулезімен ауыратын әйелдерде жүктілік мерзімі, тиісінше қатерлі сиппата болады.
Жүкті әйелдердердің өкпе туберкулезінің симптомы мен
диагностикасы
Жүкті әйелдерді тексеру кезінде өкпе туберкулезінің бар екеніне күдіктену әдетте келесідейшағымдарды тудырады: қақырақты немесе қақырықсыз жөтел, қан тастау ( түкіру), кеуде ауыруы, демігу. Сырқаттанудың басқа да көңіл аударарлық симптомдары әлсіздік, тершеңдік, тәбетінің жоғалуы, дене массасының ұлғаймауы және кемуі, кешкісін температураның ұзақ уақыт субфербилді сандарға дейінгі жоғарылауы, ашушандық болып табылады. Мұндай жағдайда бұрын туберкулезге шалдығу мүмкіншіліктері немесе туберкузбен ауыратын адамдармен байланысу мүмкіншіліктері, туберкулезбен отбасы мүшелерінің науқастану жағдайлары, қосарласқан дерттің бар болуы жайлы мәліметтерді анықтаған жөн.
Өкпенің белсенді туберкулезіне күдіктенген кезде жүктіліктің мерзіміне қарамастан ренгенологиялық тексеріс жасау қажет. Жүкті әйелдердің кеудесін ренгенологиялық зерттеу процессінде ұрақты әдістер мен қорғаныстық жабдықтар қолданылады.
Өкпедегі инфекция ошағы жағдайының патологиялық өзгерістерінбосанудан кейін 1-3 тәулік өткен соң барлық әйелдерге жасалатын кеуде мүшелерінің ренгенологиялық тексеріс нәтижелері бойынша қадағалауға болады. Ұрықтың туберкулезбен құрсақтық зарарлануы айтарлықтай көп байқалмайды. Нәресте босану кезінде қоғанақ суын жұтқанда және босанғаннан кейінгі кезеңде науқас анасымен байланысқа түскенде инфекциялануы мүмкін.