Денсаулық мектебі « Қант диабеті»
Құрметті пациенттер! Сізді қант диабеті денсаулық мектебіне келуге шақырамыз. Мектептің ұраны: «Қант диабеті ауру емес, өмір салты».
Мектептің мақсаты: қант диабетінің даму себептері мен механизмдері туралы түсінік алу.
Мектептің міндеттері:
1. Қант диабетін бақылау дағдыларын игеру.
2. Қант диабеті ауруы бар адамдардың денсаулық жағдайын бағалаудың заманауи әдістерін меңгеруі.
3. Күнделікті өмірге ұтымды тамақтану принциптерін енгізу
Сабақтар «Қостанай қаласының № 4 емханасы» КМК базасында әр бейсенбі сайын сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін №422 кабинет, оқу сыныбында өткізіледі.
Қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы кеңес алуға болады : 8(7142)524020
Біз Сіздерді күтеміз!