«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобанының іске асыру туралы
2023 жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсаны аралығында Елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асыруыда.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде.
Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станциаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.
Облыстардың шалғай станцияларында тұратын азаматардың жағдайы қиын және мұқтаж халықтың әртүрлі топтарына тиімді медиациналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластық) көмек көрсету және жәрдемдесу, заңгер, психолог, медиатордың кәсіби қызметтері қолжетімсіз тегін және нәтижеге бағытталған толық қолдауы.
2013 жылдан бастап «Самұрық-Қазына Траст» және Әлеуметтік жобалар қоры «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ауқымды «Саламатты Қазақстан» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асырып келеді, оның шеңберінде шалғайдағы станция тұрғындары негізгі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, невропатолог, гинеколог) тегін тексеруден және емдеуден өтуде.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Медициналық пойыздар шалғайдағы станцияның тұрғындарына медициналық емхана, аурухана, кабинеттер жоқ, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік жоқ жерде медициналық көмек көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет жобаға биылдан бастап кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, олар тұрғындардың әртүрлі топтарына тегін медиация (татуласу көмегі) және заңгерлік көмек, тараптарға мәселелерді шешуде тегін әлеуметтік көмек көрсетіледі, даулар мен жанжалдар сотқа дейін және сотта медиация (татуласу) тәртібімен және оларды одан әрі жан-жақты қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқықтары, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселелері бойынша тегін кеңестер көрсетіледі, төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер туралы ақпарат назарына ұсынылатын болады.
Бұл жобада кез келген азамат барлық мәселелерге қатысты құқықтық, психологиялық және медиативтік ең үздік кәсіби заңгерлерден, психологтардан, медиаторлардан тегін және толық көлемде қажетті көмек пен кеңес алалады. Оның ішіндегі азаматтық, жер, тұрғын үй, еңбек, банк, салық, отбасы-неке және басқа да көптеген мәселелер бойынша кеңестер көрсетіледі.
Жоба аясында әлеуметтік жағынан мұктаж топтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді, олар жалғызбасты аналар, көп балалы аналар, мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, жұмыссыз жастар, мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, ажырасқандар және басқаларға медиация келісімін жасасуға және қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарға өз мәселелерін және шешу жолдарына көмек беріледі.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 2023 жылдың 26 сәуірден бастап 6 желтоқсанына дейін еліміздің 17 облысындағы (Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан басқа) шалғайдағы станциялар арқылы қатынайтын болады.
Пойыздың станцияда тоқтау уақыты: 2 күн.
Азаматтарды қабылдау уақыты: сағат 09.00-18.00, пойыз демалысыз жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00.
Қосымша ақпарат алу үшін жобаның үйлестірушісі Жанар Жолдасбайқызы Үсіпбековаға хабарласуға болады, тел. 87773437433.