Конкурс өткізу күні
Конкурс өткізу күні: хатқалтаны ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Конкурс өткізу орны: 110000. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ. Быковский көшесі 4а, №311 кабинеті: телефон 8 7142 390-517 Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 4 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны , Қостанай облысы, Қостанай қаласы, 9-шақшаудан, 6а телефон:87142-224595. Негізгі қызметі: денсаулықты сақтау және оларды сақтауда кепілдікті қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының консультативтік құқықтарын қамтамасыз ету, жүзеге асыру. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қаласының № 4 емханасы» КМК конкурсқа қатысушыларды ұсыну талаптары: - жоғары білімі болуы, сондай-ақ, келесі талаптарды қамтиды: 1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйым бейіні және/ немесе экономика/ қаржы және(немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы; 2) денсаулық сақтау саласында немесе басқару лауазымында ұйым бейіні және/ немесе экономика/ қаржы және(немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы; 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі. Мынадай: 1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған; 2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған; 3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.