Құрметті пациенттер, «Қостанай қаласының № 4 емханасы» КМК Сізді профилактикалық медициналық тексеруден (СКРИНИНГ) өтуге шақырады.
СКРИНИНГ – бұл белгілі бір жастағы сау адамдарға қауіп факторлары мен аурудың ерте кезеңдерін анықтау үшін профилактикалық медициналық тексеру.
Скринингтік тексерулер учаскелік қызметтің шақыруы бойынша жүргізіледі. Пациенттер тіркеу орнына жүгінбей профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесіне жіберіледі, онда негізгі скрининг-зерттеулер жүргізіледі, бөлімше 1 қабатта 120 кабинетте орналасқан.