М.ШОРАНОВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ЖАҚЫНДАРЫН ЖАҢА ЖЫЛМЕН БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ҚҰТТЫҚТАУҒА КЕҢЕС БЕРДІ
Бүгін Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов қазақстандықтарды алдағы мереке күндері карантин талаптарын сақтауға шақырды.
«Вируспен күресуді үйрендік, алайда алдын-алу шараларын сақтау қажет, өйткені вирус түбегейлі жойылған жоқ. Коронавирус инфекциясы көбінесе жабық жерлерде, адам көп жиналатын үлкен шараларда өршиді. Күн сайын карантиндік шараларды бұзғандар туралы ақпарат түседі, тыйымдарға қарамастан, адамдар ұжымдық шараларға баруда және өткізуде, бұл эпидемияның өршуіне ісер етеді», - деді М.Шоранов.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары барлық қазақстандықты Жаңа жылды жақын адамдардың ортасында қарсы алуға, ал туыс, достарын байланыс құралдары арқылы құттықтауға шақырды.
Брифинг барысында ол бүгінгі таңда 5 млн астам зерттеу жүргізілгенін, күн сайын зертханаларда 40 мыңға дейін тест жасалатынын хабарлады. Осылайша, зертханалардың резервтік қуаты 60 мың зерттеуге жетті, бұл халықтың ПТР-тестілеуге қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Елімізде коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 51 126 төсек-орын дайындалған. Өңірлердегі төсек-орынға күнделікті мониторинг қорытындысына сәйкес, биыл 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша инфекциялық төсек-орынның 29% ғана науқас жатыр. Реанимациялық төсек-орынның - 19% пациент бар.
Бірінші вице-министр бірнеше рет әкімшілік айыппұл салынғанына қарамастан, кейбір мекеме шектеу және карантин режимінің талаптарын елемей отырғанын айтты.
Бүгінде ереже бұзушылардың қара тізімінде 254 нысан тұр, Нұр-Сұлтанда шектеу және карантин режимін жүйелі түрде бұзатын 56 нысан, Шымкентте - 47, Қостанай облысында - 25 нысан бар.
Санитариялық-эпидемиология қызметі мұндай объектілердің жұмысын тоқтата тұру туралы әкімшілік материалдарды сотқа береді.
М.Шоранов ел тұрғындарын жағдайға барынша жауапкершілікпен қарауға, өзгелерге індет жұқтырмау үшін міндетті түрде маска киюге, әлеуметтік арақашықтық және гигиена талаптарын сақтауға шақырды.