ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР МЕКТЕПКЕ ОРАЛЫП, ТЕАТРЛАР ҚАЙТА АШЫЛУДА
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу үшін бірқатар шешім қабылдады:
Бірінші: екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық мектептерде 300 бала дәстүрлі форматта оқиды. Ата-аналардың өтінішімен 1-5 сынып, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін оқушылар кезекші сыныпқа барады. Мектептер санитарлық-дезинфекциялық және маска режимін, шахмат тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
⠀
Екінші: 2 қарашадан бастап театрлардың 30 пайызына жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ залдағы көрермен саны 100 адамнан аспауы тиіс (әлеуметтік ара қашықтық, маска режимін, термометрия, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау).
⠀
Сондай-ақ, мешіттерде жұма намазды қоспағанда ұжымдық намаз оқуға рұқсат етілді (бес намаз), бірақ залда келушілер саны100 адамнан аспауы тиіс (намаз кезінде 2 м әлеуметтік ара қашықтық, маска, термометрия, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимі сақталсын).