Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды дамытудың үш болжамын қарастыруда
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңеске қатысты.
Денсаулық сақтау министрі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19 ауруының болжамды өсуіне дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда, А.Цой Қазақстанда індеттің дамуы үш сценарий бойынша жүруі мүмкін екенін, оларды түзету апта сайын жүзеге асырылатынын хабарлады.
«Пессимистік сценарий бойынша, егер маска режимі 60% ғана қамтамасыз етілсе, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адамды құрайды, ал 65 мың адам ауруханаға жатуға мәжбүр болады. Локдаунды енгізу желтоқсан айының ортасына жоспарланған", - деді А.Цой.
Екінші реалистік сценарий бойынша әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары мен маска режимі 70% қамтамасыз етілсе 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 90 мың адамды құрайды, ауруханада ем алуды 30 мың адам қажет етеді. Бұл жағдайда локдаунды енгізу қаңтар айына болжанады.
Егер біз қашықтықты сақтау ережелерін ескеріп, маска режимінің 100% сақталуын қамтамасыз етсек, төсек-орынның максималды сыйымдылығының 70% жеткенде енгізілетін қатаң карантинге жүгінудің қажеті жоқ.
«Осы оптимистік сценарий бойынша 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 40 мың адамды құрайды, 15 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет етеді», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен бірге, ол бүгінде барлық аймақтар жасыл аймақта екенін айтты, бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, әлемде COVID-19 аурушаңдығы мен өлім-жітім жағдайы шиеленісті болып қалады. ЕАЭО елдерінде сырқаттанушылықтың өсуі Қазақстан Республикасынан 13 есеге жуық жоғары. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.