Өтініштерге арналған мобильді қосымша іске қосылды
Енді МӘМС бойынша qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы шағымдануға болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кері байланыстың әртүрлі арналарын қарастырады. МӘМС жүйесі іске қосылған сәттен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөмірі бойынша 40 мыңнан астам қоңырау түсті. Енді пациенттер Қордың жаңа Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын пайдалана отырып, шағым қалдыра алады.
Барлық шағымдар өңделеді және тіркеу нөмірі беріле отырып, тұрғындар өтініштерінің тізіліміне енгізіледі. Бұдан әрі, қажет болған жағдайда, өтініштер сараптамалық бағалау және белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін беріледі.
Сондай-ақ пациенттер Қордың әрбір өңірлік филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау кабинеттеріне жүгіне алады.
Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрақты негізде халықтан келіп түскен өтініштерге мониторинг жүргізеді, апта сайын жүйелі шешімдер қабылдау мен қарауға шығарылатын мәселелердің топ-тобы құрылады.