Варикозды алдын алу
Аяқтағы қан тамырының кеңейіп, түйінделуі «варикоз» деп аталады. Бұл ауру әйелдердің 70, ер азаматтардың 30 процентінде кездеседі. Варикоз адамның аяғында ғана емес, сондай-ақ ішінде де болады. Аурудың бұл түрі негізінен артық салмақтың кесірінен пайда болады. Негізгі белгілері: аяқтың ісінуі, қақсауы.
Дәрігерлер варикозды ұзақ уақыт емдегеннен гөрі, оның алдын алған дұрыс деп есептейді.