Дүниежүзілік тромбоз күні
13 қазан - Дүниежүзілік тромбоз күні
Тромбоз туралы зерттеулер жүргізген алғашқы дәрігердің бірі Рудольф Вирхов осы күні дүниеге келген. Тромбоз - қан ұюынан пайда болатын тамыр ауруы.
Бұл дерттің алғашқы белгілер пайда болғаннан, дәрігермен кеңесу ұсынылады. Сондай-ақ, профилактиканың маңызды бөлігінің бірі салауатты өмір салтын ұстану, жаман әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану және күнделікті дене шынықтыру жаттығуларын орындау екенін есте ұстаған жөн.