Дүниежүзілік көру қабілеті күні
Қазан айының екінші бейсенбісі Дүниежүзілік көру қабілеті күні деп белгіленген. Аталмыш күн зағиптық пен көру қабілетінің бұзылуының маңыздылығын еске салады. Көру қабілетін бақылау өте маңызды, әсіресе қазір компьютер немесе смартфондардың дамыған заманында.
Көкжидек, асқабақ, жүгері, шпинат, жасыл бұршақ, сәбіз, апельсин және жаңғақтар сияқты лютеинге бай тағамдар көзге өте пайдалы. Сондай-ақ, көз дәрігеріне үнемі тексеріліп отыруды ұмытпаңыз.