Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

«Кіші мектеп жасындағы балалардағы гипербелсенділік»

1. Баладағы гипербелсенділіктің белгілері.
2. Гипербелсенділіктің себептері.
3. Гипербелсенділікті түзеудің жолдары. Гипербелсенді балалармен ата-аналардың өзара әрекеті.
 
Балалардағы гипербелсенділік синдромы – балалардағы өте кең тараған мінез-құлық және көңіл-күйдің бұзылуы. Гипербелсенділік синдромы қоршаған ортада бірден байқалады.
 
Ешкім оларды: ата-аналар да, мұғалімдер де, олар  өздерін де ұстай алмайды. Оларды жиі тентек «қиын балалар», «нағыз сұмдық» деп атайды.  Және де бұл шындық, мұндай балалар бір орнында отыра алмайды, ұқыпсыз және бытыраңқы келеді, олар үнемі қозып жүреді әрі тыныштана алмайды. Сонымен бірге, гипербелсенді балаларда жоғары шабуыл жасаушылық, ашушаңдық, запы қылушылық, көңіл-күй тұрақты еместік, бұл балалардың социумға қалыпты еніп кетуін қиындатады. Осындай бұзылулары бар балаларға көмек қажет екені айдан анық: оларға ата-аналар, мұғалімдер және басқа да үлкендер тарапынан қолдау қажет.
 
Балаларда гипербелсенділіктің пайда болуына көптеген себептер бар. Олардың ішіндегі кең таралғандары мыналар:
 
генетикалық бейімділік (тұқым қуалаушылық);
 
биологиялық (туған кездегі жарақат алу, жүктілік кезіндегі сәби миының органикалық зақымдануы);
 
әлеуметтік-психологиялық (ата-аналардағы маскүнемдік, отбасындағы шағын ахуал, тұрмыстық жағдай, тәрбиенің дұрыс емес жолы).
 
Гипербелсенділіктің алғаш байқалуын 7 жасқа дейін байқауға болады. Осы синдромның ең жоғары байқалуы психосөйлеудегі дамудың шыңымен сәйкес келеді. 1-2 жас, 3 жас және 6-7 жас. 1-2 жасында сөйлеу дағдысы қалыптасады, 3 жасында балада сөздік қоры көбейе бастайды, 6-7 жасында оқу және жазу дағдылары қалыптасады. Гипербелсенділік синдромының пайда болуы баланың алғаш өмірге келген күнінен бастап мазалай бастауы мүмкін: балаларда жиі бұлшықет тонусының жоғарылығы, барлығына шамадан тыс ашуланшақ болуы (жарыққа, шуға), нашар ұйықтайды, ұйықтамау кезінде тынышсыз және қозған болады. 3-4 жасында бала бір нәрсемен айналысуға қабілетсіз болады, ол ертегіні тыныш тыңдай алмайды, ойын жинақтауды талап ететін ойындармен ойнауға қабілетсіз, оның ісі бейберекеттік сипатта болады. Баланың мінезі әсіресе ұйымдасқан мінезді талап ететін, жағдайлар: мысалы, сабақта және балабақшадағы таңертеңгіліктерде айқын көрінеді.
 
“Өз дамуының қиын жағдайындағы әртүрлі қолайсыз факторларға ми анағұрлым сезімтал келеді, аса маңызды “функциялық ансамбльдер” қалыптаса бастағанда, жүйке жүйелерінде қарқынды саралану байқалады.
 
Ата-аналарға ұсыныстар
 
Гипербелсенді балалардың ата-аналарына қандай ұсыныстар беруге болады және оларды тәрбиелеу барысында қандай көмектер көрсетуге болады?
 
Ұсыныстар тобына балаға жақын ересек адамдардың мінез-құлқының сыртқы жағы жатады.
 
Баланың мінезіне байланысты туындаған өзінің ашуланғандықтан уақытша естен адасууын мүмкін болғанша ұстауға тырысу қажет. Балалардың аздаған болса да оң мінездерін, тырысуларын байқағанда барынша эмоциялық қолдау. Өзінде баланы терең танып және түсіне білу сияқты қызығушылықты тәрбиелеу.
Ширығу жағдайын және отбасында дау-жанжалдар туғызатын тиым салатын сөздер, қатал сынау, жазғыру, қорқытулардан аулақ болған жөн. «Жоқ», «болмайды», «доғар» деген сөздерді сирек пайдалануға тырысу, оның орнына сәбидің назарын басқа жаққа аударуға, егер мүмкін болса мұны әзілмен, жеңіл жасап көру керек.
Сөйлейтін сөзіңізді қадағалап, байыпты дауыспен сөйлеуге тырысыңыз. Ыза, ашу бақылауға нашар көнеді. Көңіл толмауды көрсете отырып, баланың сезімін бұрмалауға және оны төмендетуге болмайды.