Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Салауатты тамақтану қағидалары

Барлық ересек адамдар ұзақ уақыт бойы салауатты өмір салтын ұстанып, қартайған шағына дейін өмір белсенділігін сақтағысы келеді. Қазір көпшілігіміз спортпен айналысуға ден қойып жатыр – бұл әрине құптарлық жағдай. Алайда, спортпен шектелу аздық етеді. Бұған қоса, тамақтануымызға да мән беруіміз қажет. Қайсысын таңдау керек? Әркімнің өз еркінде. Салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін әрбір адам төмендегі  ережелерді ұстану қажет:
 
қарныңыз ашқан кезде ғана тамақ жеу керек. Аштық тек физиологиялық қажеттілік, ал тамаққа деген тәбет -  сана мен сезімге әсер ететін әртүрлі сыртқы факторлардың нәтижесінен тамаққа тәбет ашылады.
Ванна қабылдау және жаттығу жасау, бұл адам организміне белгілі бір мөлшерде күш салады. Сондықтан, ваннаға дейін, кейін, жаттығуға дейін және кейін  тамақтанбаған дұрыс.
Тамақ қабылдаған кезде сұйықтық ішпеу. Суды тамақтан бұрын 10-15 мин. және көкеністерді қабылдағаннан кейін 30 мин кейін қабылдау.
Салқындатқыш сусындар, лимонад, мұз салынған шайды тамақпен бірге қабылдаған кезде, сусындар тамақ қорыту процесін тежейді. Кофе, шай, какао, лимонад тәбетті ашып, артық тамақ қабылдауға әкеледі. Сонымен қатар, ас қорыту жұмысына, нерв жүйесі мен бүйрекке  кері әсер етеді.
Кез келген асты мұқият шайнап, сілекеймен шылап, жұту керек. Тамақты толық шайнау – асты қорытудың алғашқы сатысы. Толық шайналған асты қорытуға организм аз энергия жұмсайды.
Тамақтану кезінде ұстанатын басты қағида: тағам түрлері жеңіл болған сайын, олардың қорытылуы да жеңіл, әрі тиімді жүреді. Желінген ас толық қорылып, ағзада жиналмау керек. Әдетте біздің қолданатын тағамдарымыз нан, ет, картофель, көже. Бұдан кейін тәтті тағамдар, балмұздақ, консервідегі тағамдар, және де тамаққа қосып жейтін әртүрлі тұздықтар, шай, кофе. Бір реттен осыншама тағам түрлерін бірден ағзаға сіңіру ас қорыту жүйесіне ауыр келеді.
 
Дұрыс тамақтану үлгісі қандай? Тамаққа деген күнделікті дағдыңызды қалпыстатырыңыз. Жеген асыңыз оңай сіңетін, қарапайым тағамдардан болу керек. Негізгі ереже – әр жеген сайын түрлі тағамдарды аз мөлшерде, әр кезеңде қабылдаған жөн. Бір жеген кезде, асқазанды бірден толтырып ас қабылдау, ағзаға ауырлық етеді, ас қорыту жұмысын  да бәсеңдетеді.