Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Көзге арналған гимнастика

Көзге арналған гимнастика
Күні бойы компьютер алдында отырып, кешке қарай көзіңіз ауырады ма? Егер Сіз осы сұраққа ия деп жауап берсеңіз, онда Сіз күн сайын қалыпты жаттығудан басқа, көзге арналған гимнастика да жасауыңыз қажет.
«Мұрынмен жазу» жаттығуы
Бұл жаттығу дайындалу үшін жасалады. Босаңсып, көзді жұмыңыз. Содан соң, мұрныңыздың ұшында қаламсап бар деп елестетіңіз. Сол елестеткен қаламсаппен ауада 1-ден 10-ға дейінгі сандарды, 10-15 әріп "жазыңыз". Бұл кезде көзді қатты жұмбаймыз, бос ұстаймыз.
"Тығылмақ" жаттығуы
Көзді бірнеше секундқа жұмып (басында 3-5 секунд жетеді), дәл сондай уақытқа ашамыз. 6-8 рет қайталаймыз.
"Перделер" жаттығуы
10-15 секунд бойы көзді жылдам жыпылықтатып тұрамыз. Содан соң 7-10 секунддемаламыз. Жаттығуды 3-4 рет қайталаймыз.
"Жан жаққа қарау" жаттығуы
Бұл жаттығу кезінде тек көздер (баяу) қимылдайды, бас қимылсыз қалады. Төбеге бір, еденге бір қараңыз, 8-10 рет қайталаймыз. Көзқарасыңызды екі жаққа бұрамыз, оңға солға қараймыз. Мұны да алдындағыдай қайталаймыз.
"Фигуралар саламыз" жаттығуы
Көзбен фигуралардың суретін саламыз: шеңбер, квадрат. Бірінші сағат тілімен, содан соң қарама-қарсы жаққа. Жаттығуды әр жаққа 4-6 реттен қайталаңыз.
"Терезеге қараймыз" жаттығуы
Маркермен терезе шынысына нүкте белгілейміз. Терезенің ар шетінде алыста тұрған бір нысанды таңдап, оған 5-10 секунд қараймыз, содан соң нүктеге соншама уақыт қараймыз. Жаттығуды 8-10 рет қайталаймыз.
Барлық жаттығуларды отырып, арқаны тік ұстап жасаймыз. Әр жаттығудан соң, көзді жұмып, бірнеше секунд демаламыз. Егер Сіз компьютерде көп жұмыс жасайтын болсаңыз, жаттығуларды күнде 2 рет бір уақытта жасаңыз.
 
Деніңіз сау болсын!