Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген "Салауатты ұлт" әрбір азамат үшін 2021-2025 жылдарға арналған сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын тиімді іске асыру шеңберінде жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығы кезінде, 1-10 қыркүйек аралығында "Қостанай қаласының №4 емханасы" КМК СӨС кабинетінің қызметкерлері емханаға бекітілген жалпы білім беретін мектептердің медицина қызметкерлерімен бірлесіп балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға орайластырылған іс-шаралар өткізді. Сондай-ақ "Қауіпсіз жол" акциясын өткізді, денсаулық мектептерінде консультациялар мен кездесулер ұйымдастырды және өткізді. Іс-шаралар басты мақсатқа қол жеткізуге бағытталған: балалардағы жол жарақаттануының алдын алу және жол ережелері бойынша алған білімдерін қолдана білу.