Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас таңдамайды. Жас балалар иммундық жүйесі әлсіз болғандықтан ересектерге қарағанда көбірек ауырады. Менингит балаларға көбіне ағзаға тамақпен бірге кіретін энтеровирустар арқылы жұқса, ересектерге стрептокок, менингокок, стафилокок, нейсерия сынды бактериялар арқылы жұғады. Дер кезінде анықталған ауруды толықтай емдеп жазуға болады.
 
Ми қабығының қабынуы көбіне суық тиюден, бактериялардан, шешек(оспа,
ветрянка), шықшыт безінің шошынуы (свинка), көкжөтел (коклюш) немесе
құлақтың қабынуы, тіс түбінің іріңдеуі сияқты бірнеше аурулардың асқынуынан,
жұқпалы аурулардан, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан, тазалық
сақтамаудан, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш
сүзегiнен пайда болады. Мәселен, басқа, ми қабығына суық тигізіп алудың арты
ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуына әкеп соқтырады. Құрт
ауруымен ауырған аналардан туған сәбилер де кей жағдайда түберкулез
менингитіне шалдығуы мүмкін. Түберкулез менингиті өте жай дамиды, тіпті
бірнеше күн мен аптаға созылады. Ал басқа түрлері тез өршиді, тіпті сағат, минут
санап өседі. Менингит қоздырғышының пiшiнi бұршақ тәрiздес, қосарланып
орналасады. Бактерия жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге айналады.
Сөйтіп мұрынға, яғни кеңсірікке түскен менингококк бактериясы жұлынға, одан
әрі қан айналымы жүйесіне еніп кетеді, нәтижесінде дерт қоздырғышы
күшейедi. Ми қабығының қабынуының жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды
таратушы болып есептеледі.
Менингит ауырлығына қарай екіге бөлінеді:
1.Жедел
2.Созылмалы.
Бұл ауру ауа арқылы жұғады.
Белгілері:
Бас ауырады
Дене қызуы көтеріледі
Судорга (ұстамалар) пайда болады
Науқас мойнын артқа қарай шалқайтады
Жарық пен қатты дыбыстардан қорқу
Сандырақтау
Лоқсу, құсу
Бозару
Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі томпайып көтеріледі;
Іші өтуі мүмкін;
•Сырқатқа шалдыққан бала ұйықтай береді;
ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ:
Менингит ауруына қарсы емдік дәрі-дәрмекті ең алғаш рет 1887 жылы А.
Вейксельбаум ойлап тапқан. Кішкентай балаларда менингиттің бастапқы кезеңін
анықтау қиынырақ болады. Қалай болғанда да аурудың алғашқы белгісі біліне
салысымен, науқасқа дер кезінде білікті медициналық көмек көрсету қажет. Ауруды ауруханаға уақытылы жеткізу маңызды. Медицина менингитті анықтау үшін ауырған адамнан міндетті түрде жұлын суы алынады. Бұл әдіссіз нақты диагноз қойылмайды.
Ми қабығының қабынуы ауруы болса, жұлын суы мөп-мөлдір қалпынан өзгеріп,
лайланады, былайша айтқанда, сүт қосқан судың түсіндей болады. Ақ халаттылар сол диагнозға сүйене отырып, ем-дом береді. Бір апта антибиотиктермен емдейды. Емдеу барысында негiзгi ауруды тудыратын микробты құрту үшiн этиотропты
антибиотиктермен қатар науқастың жағдайын жақсартатын емдер беріледі. Содан
кейін екінші рет пункция алады. Пункция латын тілінен аударғанда punctio-«шаншу» немесе «дәрі егу» деген мағынаны білдіреді. Пункция жасау –
шприцтің көмегімен жұлыннан сұйықтық алу. Емдеу тәсiлдерi менингиттiң түрiне
байланысты антибиотиктер, сульфаниламидтi препараттар, сондай-ақ симптоматик
емдiк әдiстерi қолданылады. Алдын ала сақтанудың жолы – балаларды жұқпалы
менингококты менингитке қарсы егу.