Аудиологиялық скрининг
Аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелерде, ерте жастағы балаларда есту қабілетінің бұзылуын ерте араласу, оңалту және мүгедектікке әкелетін аурулардың алдын алу үшін уақтылы анықтау мақсатында жүргізіледі.
Аудиологиялық скринингтің міндеттері:
- Барлық жаңа туған нәрестелерді , ерте жастағы балаларды және 6 жасқа дейінгі балаларды қамту
- Бұдан әрі тексеру, уақтылы араласу және оңалту үшін есту қабілетінің бұзылу қаупі топтарын ( жүргізілген аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен "өтпеген") бұрын анықтау * Есту қабілетінің бұзылуы (есту қабілетінің жоғалуы, саңырау) қаупі бар балаларды одан әрі тереңдетіп тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге ( орталықтарға, бөлімшелерге) жіберу
- Есту қабілетінің бұзылу қаупі бар балаларды терең педагогикалық тексеру және түзету - дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу
- Ата-аналарға ( заңды өкілдерге) келесі мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету
Аудиологиялық скринингті ұйымдастыру екі кезеңнен тұрады:
1. Меншік нысанына қарамастан босандыру ұйымдарында жаңа туған нәрестелерге жүргізілетін неонаталдық аудиологиялық скрининг.
2. Аудиологиялық скрининг 3 ай, 1 жас 2 жас, 3 жас, 6 жас қоса алғанда жас санаттарындағы балаларға баланы дамыту кабинетінде жүргізіледі .