Алғыс айту
1 наурыз, көктемнің бірінші күні қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді. Мереке көпұлтты ел халықтары арасындағы достықтың, патриотизмнің, мейірімділік пен келісімнің көрінісі болуға арналған. Бұл күні ел тұрғындары бір-біріне алғыс айтып, өз тарихын еске алып, дәстүр мен мәдениеттің бастауына оралады. Алғыс айту күні кәрі де, кіші де өз еліне, халқына, отбасына, жолдастарына құрмет көрсетеді. Алғыс айту күнін атап өтіп, Қазақстан қонақжай мемлекет ретінде ашылады.
Алғыс айту күні қарсаңында «Қостанай қаласының № 4 емханасы» КМК медицина қызметкерлерінің «Қоғамдық келісім» КММ және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында этносаралық толеранттылық пен жауапкершілік, Қазақстан этностарының мәдени құндылықтарын дамытудың тең құқылы шарттары, қазақстандық қоғамды шоғырландыру мәселелері талқыланды. «Қоғамдық келісім» КММ мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері барлық медицина қызметкерлеріне кәсібилігі, сапалы жұмысы, пациенттерге ұқыпты қарауы және жанашыр жүрегі үшін алғыс білдірді. Алғыс айту-әлемдегі ең күшті күштердің бірі, бұл жасалған жақсылыққа жауап ретінде оң энергияның күшті ағыны болып келеді.
«Қоғамдық келісім» КММ мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі үшін терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі Г.И.Бебина мен учаскелік медбике С.К.Карменованы грамоталармен марапаттап, естелік сыйлықтармен марапаттады.