А. Ғиният санэпидқызметті дамыту жөніндегі конференция жұмысына қатысты
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР ДСМ "Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК-ның санэпидсараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалының 70 жылдығына арналған санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ҚР санитариялық-эпидемиологиялық қызметі эпидемиямен күрес жөніндегі іс-шараларды шұғыл ұйымдастырудан алдын алу қадағалауына, жалпы мемлекеттік сауықтыру және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға, мемлекеттік санитариялық қадағалаудың бірыңғай жүйесін құруға дейінгі үлкен жолдан өткенін атап өтті.
"70 жыл ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары оба, тырысқақ, бөртпе сүзегі, сібір жарасы, безгек, іш сүзегі, гепатит, дифтерия, көкжөтел, қызылша және басқа да көптеген ескі және жаңа инфекциялар сияқты қауіпті жұқпалы ауруларды зерттеп, оқшаулады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары әрдайым күрделі міндеттерді лайықты орындап, жаңа коронавирустық инфекциямен күресте ТЖ мен карантиннің күрделі жағдайларында жедел әрекет ете алды", - деді А.Ғиният.
Пандемияның алғашқы күндерінде Қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталық құрылды. Қазіргі уақытта ол тәулік бойы жұмыс істейді.
"КВИ пандемиясын жариялаудың алғашқы күндерінен бастап елімізде ковид ПТР үшін тест-жүйелерді әзірлеу және өндіру мәселелері шешілді, ел аумағында коронавирустың әртүрлі нұсқаларының айналымын анықтауға мүмкіндік беретін генетикалық зерттеулер ұйымдастырылды және жүргізілуде, "QazVac" отандық вакцинасы әзірленді және шығарылуда", - деп қосты ҚР ДСМ басшысы.
Ол "ҚР биологиялық қауіпсіздігі туралы" ҚР Заңы қабылданғанын еске салды. Бұл ретте мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда QazBioPharm Ұлттық холдингі құрылды.
"Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет кадрларын даярлау - барлық уақытта да өзекті мәселе. Соңғы 10 жылда орталық базасында 200-ден астам білім беру циклдері өткізілді, онда 15 мыңнан астам санитарлық - эпидемиологиялық қызмет мамандары оқытылды", - деді А.Ғиният.
Сондай-ақ, министр елімізде иммундау саясатын жүзеге асырудағы орталықтың рөлін атап өтті.
"Республика халқын иммундау жөніндегі Консультативтік комитет құрылған сәттен бастап Орталық полиомиелит, қызылша, қызамық және басқа да инфекцияларды жою жөніндегі жаһандық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған елде вакцинациялау стратегиясын қалыптастырады", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Санэпидсараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің өзекті мәселелері бойынша ДДҰ, ЮНИСЕФ, ЮСАИД, СДС-пен халықаралық ынтымақтастықты тиімді жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
"Орталықтың қосқан үлесінің арқасында Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 75 - ші кездесуінде "Қазақстан-ұлттық деңгейде инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау: сын - қатерлерді мүмкіндіктерге айналдыру" деген атаумен инфекциялық бақылауды іс жүзінде енгізу бойынша ДДҰ Еуропалық өңірі елдерінің арасында елдік үлгі ретінде атап өтілді", - деді А.Ғиният.
Сөзінің соңында министр санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына кәсібилігі, кәсібіне адалдығы, жоғары жауапкершілігі және COVID-19 пандемиясымен күреске баға жетпес үлесі үшін алғыс айтты.
"Қызметтің алдында көптеген міндеттер тұр, жаңа сын-тегеуріндерге дайындық, цифрлық технологияларды енгізу, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды болжау және модельдеу, олардың негізінде қоғам денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау тұр. Конференцияның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс, кәсіби табыс және денсаулық тілеймін", - деп түйіндеді А.Ғиният.