А. Ғиният СӨС күшейту және инфекциялық емес аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы хабарлады
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ведомствоның қабылдап жатқан шаралары туралы хабарлады.
Министр ҚР-да мезгілсіз өлімнің негізгі себептері инфекциялық емес аурулардың төрт санаты - қан айналымы жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер, тыныс алу органдарының аурулары және қант диабеті екенін атап өтті.
"Қазақстанда өлімнің 84%-ға жуығының себебі инфекциялық емес аурулардан болуда. Соңғы зерттеуге сәйкес, төрт негізгі топтан мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығы 27%-ды құрайды", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Жалпы алғанда, Қазақстан экономикасына инфекциялық емес аурулардың келтіретін залалы жылына 2,3 трлн теңгені құрайды, бұл елдің жылдық ЖІӨ-нің 4,5% - ына баламалы.
Сонымен қатар, дұрыс емес тамақтану, төмен физикалық белсенділік, темекі мен алкогольді тұтыну сияқты алдын алуға болатын мінез-құлық факторлары инфекциялық емес аурулар қаупінің өсуіне айтарлықтай үлес қосады.
ДДҰ-ның 2019 жылғы зерттеуі бойынша ҚР ересек тұрғындары арасында темекі шегу 15 жастан асқан адамдар арасында – 21,5% – ды құрайды, бұл ретте ерлер арасында – 38% - дан астам, әйелдер арасында - 6,4%-ды құрайды. Темекі шегудің басталуының орташа жасы - 17-ден 18 жасқа дейін.
ҚР-да ерлер үшін алкогольді тұтыну деңгейі жылына 25 литрді, әйелдер үшін шамамен 9 литрді құрайды.
"Халықтың тағамдық әдеттеріне қатысты 18 гр-ға тең тұзды тұтынудың жоғары деңгейін атап өткім келеді. ДДҰ ұсынған норма бойынша тәулігіне 5 гр. болу керек", - деді А.Ғиният.
Бұл ретте Қазақстан Орта Азия мен Еуропаның 21 елінің арасында дұрыс емес тамақтанудан 9-шы орында тұр.
2020 жылғы балалар арасындағы семіздікті эпидқадағалау деректері бойынша 6-9 жастағы балалардың шамамен 16,7% -ы күн сайын құрамында қант бар сусындарды ішеді.
6-9 жастағы балалар арасында артық салмақтың таралуы 20,6% құрайды: ұлдар арасында – 23,6%, қыздар арасында – 17,6%. Балалардың 6,6%-ы семіздікпен ауырады: оның ішінде ұлдар – 8,7%, қыздар - 4,6%.
Қант диабетімен сырқаттанушылықтың 62% - ға өскені байқалады, егер 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 173-ті құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 280-ді құрады.
Осыған байланысты қазіргі проблемаларды ескере отырып және халықтың СӨС дағдыларына хабардар болуын арттыру, инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында 2021 жылдың соңында "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы бекітілді, онда халықтың салауатты өмір салтын ұстанатын үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша жеке бағыт қабылданды.
Сондай-ақ, инфекциялық емес ауруларды төмендету үшін құрамында қант бар сусындарға акциздер енгізу жоспарлануда, жарақаттанудың алдын алу, сколиоз, миопия ауруларының алдын алу бойынша оқыту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғастырылады, балалар арасында "Салауатты дене мүсіні" және "Салауатты көру" бағдарламалары әзірленетін болады.
Салауатты және ұтымды тамақтануға жәрдемдесу бойынша "Салауатты асханалар", "Салауатты кафетерийлер", "Салауатты бистролар", "Салауатты дүкендер" кәсіпорындарының желісін дамыту жоспарлануда.
"Сонымен қатар, балалардың семіздігін, оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығына әсер ететін өмір салтын эпидемиологиялық қадағалау, жастар арасында психоактивті заттарды қолдану және 13-15 жастағы балалар мен ересектерге темекі өнімдерін тұтыну туралы жаһандық сауалнама жүргізу және басқа да іс - шаралар жоспарлануда", - деп қорытындылады А.Ғиният.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесінің 19% -дан 45% - ға дейін ұлғаюы, халық арасында темекі шегудің таралуының 15 жастан 21,5% - дан 19% - ға дейін төмендеуі, балалар арасында семіздікпен сырқаттанушылықтың 100 мың тұрғынға шаққанда 95,7-ден 90-ға дейін төмендеуі күтілуде.