Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

ҚР ДСМ-де 2022 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен 2021 жылғы қызмет қорытындылары мен таяу кезеңдегі міндеттер бойынша ведомствоның кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа жұмысына ведомстволық бағынысты ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы ауыл тұрғындары мен балаларға арналған профилактикалық тексерулердің тізбесін кеңейту туралы баяндады.

Денсаулық сақтау министрі еліміздің ауыл тұрғындарын профилактикалық тексерумен қамтудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

"Қазіргі уақытта үш негізгі жас топтары:18-29 жас; 30-44 жас; 45-65 жас негізінде ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру пакеттерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде", - деп хабарлады А.Ғиният.

Ол бүгінгі таңда белгілі бір жас топтары үшін қажетті диагностикалық қызметтердің көлемін және сәйкесінше қажетті қаржылық қаражатты есептеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Бүгінде қала мен ауыл тұрғындары арасында профилактикалық тексерулердің қол жетімділігінде дисбаланс орын алғаны баршаға мәлім. Осыған байланысты ағымдағы жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексеру пакеттерін, сондай-ақ, бірінші кезеңде ауылдық медициналық пункттер базасында енгізу жоспарлануда", - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Әрі қарай денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру нәтижелері туралы баяндады. Ол әрбір бағыт бойынша міндеттері, нәтижелері көрсеткіштері және іске асырылатын іс-шаралары белгіленгенін атап өтті.

"2021 жылы 26 іс - шара іске асырылды және 17 көрсеткішке қол жеткізу қамтамасыз етілді, оны Республикалық маңызды, жетеуі өңірлік",-деп хабарлады вице-министр.

Ұлттық жобаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде мынадай іс-шаралардың орындалуы қамтамасыз етілді: МСАК-тың 30 объектісі ашылды; ЖМК қызметтерімен 2 млн-ға жуық ауыл тұрғындары қамтылды; медициналық жабдықтармен қамтуға ауқымды түгендеу жүргізілді; 13 ауданаралық аурухана ұйымдастырылды; онкологиялық орталықтың құрылысы басталды; 963 мыңға жуық қымбат медициналық қызмет көрсетілді; дәрігерлердің орташа жалақысы 350 мың теңгеге дейін жеткізілді.; резидентурада оқу үшін 1 500 грант бөлінді.
Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустық инфекция аурушаңдығын болжау мәселелері бойынша сөз сөйледі.

"Бүгінгі таңда ағымдағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуын ескере отырып, КВИ ауруының болжамы сценарийге байланысты (наурызда) тәулігіне 250-ден 360 жағдайға дейін тіркеледі деп жоспарлануда. Әрине, бұл қазіргі жағдаймен салыстырғанда ревакцинация қарқыны қаншалықты сақталатынына байланысты", - деді А.Есмағамбетова.

"Стратегиялық маңызды міндет - ұлттық егу күнтізбесі аясында халықты вакцинациялау.  Ең алдымен, сәбилердің. 2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткішке қол жеткізілген жоқ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша вакцинамен қамту 95,0% - ға жетті. Бірақ жыл сайын отка саны артып келе жатқанына назар аударғым келеді. Бұл ретте, егер бас тарту құрылымына қарайтын болсақ, соңғы жылы жеке сенімдерге байланысты бас тарту саны үш есеге артты", - деп атап өтті Республиканың Бас санитарлық дәрігері.

Алқа отырысының соңында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бірқатар тапсырмалар берді. 

Е.Тоғжанов медициналық қоғамдастыққа коронавирустық инфекциямен күреске қосқан үлесі үшін алғыс айтып, халықты вакцинациялау бойынша қабылданған шаралар есебінен эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын атап өтті.

Ол МЖӘ негізінде ауруханалар салуға назар аударды, осылайша Денсаулық сақтау министрлігіне халықаралық стандарттар негізінде жобаларды әзірлеу бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.

"Ана мен бала өлімі мәселелерін бақылауда ұстауды тапсырамын, кейбір өңірлер бойынша өсім жүріп жатыр.  Әрбір жағдай бойынша талдау қорытындысын, сондай - ақ жүрек аурулары өлім-жітімнің өсуі бойынша жағдайды талдау және проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылдау қажет", - деп түйіндеді Ералы Тоғжанов.