ҚР-да COVID-19 ауруы соңғы 2 айда 16 есеге төмендеді - Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.
«Қазақстанда соңғы төрт айда ауру 16 есеге азайды - тамыз айында аптасына 56120 жағдайдан желтоқсан айында аптасына 3524 жағдайға дейін. Репродуктивті көрсеткіш - 0,90 құрап, тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есеге төмендегені байқалады», - деді Жандос Бүркітбаев.
Бұл ретте инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуы 19%-ды құрайды, соңғы үш айда емдеуді жалғастыратын адамдардың саны 4,5-ке азайды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша көптеген өңірлер (15) және жалпы ҚР «жасыл аймақта» тұр. «Сары аймақта» Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалады.
Сондай-ақ, ол Үкімет мүшелеріне КВИ-ге қарсы вакцинация науқаны туралы хабарлады.
«1-құрауышпен 8,9 млн-нан астам адам егілді, тиісті ересек тұрғындарды қамту 78,3%-ды құрады, екінші құрауышпен 8,4 млн-нан астам адам егілді, тиісті ересек тұрғындардың 73,8%-ын қамтыды. ҚР халқының санынан бірінші компонентпен қамту - 48,1%, екінші компонентпен қамту - 44,5% құрады», - деді Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы.
Жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен егу жалғасуда.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда бірінші құрауышпен 235 117 адам вакцинацияланды, оның ішінде 187 315 жасөспірім және 47 786 жүкті және бала емізетін әйелдер. Екінші құрауышпен - 66 017 адам.
Сонымен қатар, ревакцинацияны ҚР 303 мың азамат алды.
«Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамына сәйкес, қазіргі уақытта республикада желтоқсан айында тәулігіне орташа есеппен 560 жағдайды тіркей отырып, оптимистік сценарий іске асырылуда», - деп қорытындылады Жандос Бүркітбаев.