Қазақстан ТМД елдері арасында КВИ-ге қарсы халықты вакцинациялаумен қамту бойынша көш бастап тұр
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау науқанының барысы туралы баяндады.
«Қазақстан халық санының 41,5% - дан астамын вакцинациялаумен қамтуға қол жеткізді. ТМД елдері арасында Қазақстан Халықты вакцинациялауды екі дозамен қамту бойынша көш бастап тұр», - деп хабарлады министр.
Бұл ретте, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізілетін 207 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес Қазақстан Халықты КВИ-ге қарсы екі дозамен вакцинациялаумен қамту бойынша 104-орында тұр.
«1 - компонентпен 8,5 млн. астам адам егілді, тиісті ересек халықты қамту халық санының 75,1%-ын немесе 45,3%-ын құрады, екінші компонентпен 7,8 млн. жуық адам егілді, тиісті халықтың 68,8%-ын немесе халық санының 41,5%-ын қамтыды», - деп баяндады Алексей Цой.