Қазақстанда COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі COVID-19 ауруының жағдайы туралы баяндады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 12 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 954 146 науқас және КВИ-мен 80 905 жағдай тіркелген. КВМ бар науқастардың шамамен 95%-ы сауығып кетті, оның ішінде 910 мың КВИ+ бар науқастар және 80 мың КВИ-мен ауыратын науқастар.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді, тәулігіне 1 500 жағдай тіркелді, соңғы екі айда ауру 3,4 есеге, аптасына 33346-дан 9722 жағдайға дейін төмендеді, бұл инфекцияның таралуына да әсер етті, 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті саны 1,2 есеге, 1,11-ден 0,92-ге дейін төмендеді, инфекциялық төсектердің қамтылуы 30% - ға, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 26%-ға дейін төмендеді", - деп хабарлады ведомство басшысы.
Министр эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан жасыл аймаққа көшкенін, сондай-ақ жасыл аймақта 9 өңір бар екенін атап өтті.
Бұл ретте орташа тәуекел аймағында немесе сары аймақта 6 өңір бар. Жоғары тәуекел аймағында, яғни «қызыл аймақта» еліміздің 2 өңірі – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалады.