М.Шоранов медицина ғалымдарының халықаралық форумында сөз сөйледі
Бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Ашхабад қаласында (Түрікменстан) өтіп жатқан «Медициналық дипломатия - салауатты әлемнің негізі» ғалым – медиктердің халықаралық форумына қатысты.
Медициналық конференция COVID-19 пандемиясы кезінде алынған тәжірибені пайдалану және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мәселелерін талқылауға арналған.«COVID-19 коронавирустық инфекциясының жаһандық пандемиясы өмірге өз түзетулерін енгізді. КВИ пандемиясына байланысты қазақстандықтар жаңа жағдайда өмір сүруді үйренді. Карантин адамдардың қозғалыс еркіндігін шектеп қана қоймай, әлемге басқаша қарауды үйретті. Адамдар өздерінің әдеттері мен қажеттіліктерінен бас тартуға, аурудың таралуын болдырмау үшін жаңа жағдайларды қабылдауға мәжбүр болды. Әлеуметтік оқшаулану және алыстау саясаты виртуалды қарым - қатынасқа көшуге ықпал етті, сонымен қатар адамдарға гигиена ережелерін сақтауды үйретті», - деді М. Шоранов өз сөзінде.
КВИ-дің таралуы кезінде инфекцияның белгілері анықталғанын, басқа эпидемияларға мүлдем тән емес екенін ескере отырып, денсаулық сақтау жүйелері пандемия процесінің дамуымен бірге дамуы керек еді. Бірінші вице-министр атап өткендей, пандемия ғылымға, атап айтқанда биомедициналық зерттеулерге инвестиция салудың маңыздылығын көрсетті. Ол үшін COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы шараларды әзірлеуге, COVID-19 диагностикалау, емдеу әдістеріне, вакцина жасауға күштер мен құралдар жұмылдырылды. Е.Қиясов әріптестерін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ – QazVac вакцинасын әзірлеу туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, бірінші вице-министр Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметін нығайту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Ол үшін ҚР-да бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеттігі арттырылады, бақылау-қадағалау функциялары күшейтіледі, эпидемиолог-дәрігерлердің штат саны ұлғайтылады, санитарлар мен эпидемиологтардың жалақысы екі есе арттырылады және т. б.
Сондай-ақ, М.Шоранов әріптестерімен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.