МСАК-ты нығайту CОVID-пен байланысты емес өлім-жітімнің өсуін қысқартуға мүмкіндік береді
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен ведомство делегациясы ДДҰ Еуропалық бюросының 71-ші сессиясының екінші күніне қатысты, оның барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту және нығайту мәселелері талқыланды.
ҚР ДСМ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Гүлнар Мұханова өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан басқа елдер сияқты төтенше жағдай кезінде халықтың, оның ішінде осал топтардың қаржылық қиындықтар қаупіне ұшыратпай, денсаулық сақтаудың негізгі қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуге тырысады, өйткені бұл COVID-19-ға тікелей байланысты емес өлім-жітімнің өсуін қысқартуға мүмкіндік береді. Қазақстан Үкіметінің пікірінше, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті нығайту және көлік медицинасын күшейту осы проблеманы шешу әлеуетіне ие және COVID-19 пандемиясы кезеңінде де, қоғамдық денсаулық сақтау саласында басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде де ден қоюдың негізгі шараларының бірі болып табылады.
"2018 жылы мүше мемлекеттер қабылдаған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Астана декларациясы МСАК денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму саласындағы денсаулыққа байланысты мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті тұрақты денсаулық сақтау жүйесінің іргетасы болып табылатынын атап өтті. Қазақстан МСАК үйлестіру орталығын құрды және үздік практикалар орталықтарының желісімен бірге үздік әлемдік практикаларды енгізуге жәрдемдесетін болады", - деп атап өтті Ғ. Мұханова.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19-дан кейінгі дәуірде МСАК әлеуетін қалай іске асыру керектігі туралы айтты. Қазіргі заманғы жаңа жағдайларда Қазақстан МСАК-ты қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесін бейімдеп, халыққа неғұрлым тиімді қызмет көрсету үшін оны күшейту жөнінде шаралар қабылдады. ҚР-да пандемиямен күресу үшін мобильді және цифрлық технологиялар кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, азаматтың эпидемиологиялық мәртебесін айқындауға мүмкіндік беретін "Ashyq" мобильді қосымшасы және бірқатар елдер мойындаған вакцинацияның электрондық паспорты әзірленді және барлық жерде енгізілді. Мобильді қосымша CAVID-19 ПТР-тестілеу порталымен біріктірілген, бұл зертханалық талдау нәтижелеріне сәйкес әрбір азаматтың көрсетілетін мәртебесін жедел өзгертуге мүмкіндік береді.
"МСАК пандемиямен күресу үшін бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бүгінде Қазақстанда МСАК жалпы практика дәрігері мен басқа мамандардан, оның ішінде орта медицина қызметкерлерінен, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан тұратын мультидисциплинарлық команда деңгейінде ұйымдастырылған. Бұл учаскелік қызметтен бастап ауруханалардағы мамандандырылған медициналық көмекке дейінгі емдеудің барлық кезеңдерінде көрсетілетін медициналық көмектің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Пандемияға дейін біз мультидисциплинарлық командаларды енгізу арқылы МСАК-ты нығайтудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Қоғамда өз бетінше жұмыс істейтін медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар денсаулыққа байланысты көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі, халықтың осал топтарын жақсы қамтуға және қоғамдағы аурудың алдын алу мен бақылауды жақсартуға ықпал етеді", - деді А.Цой.
Пандемия кезінде Қазақстан БМСК командаларының қазіргі құрылымынан 3,5 мың мультидисциплинарлық мобильді бригадаларды Тез құра алды, бұл қызметтерді халыққа жақындатуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Қазақстан ТМККК шеңберінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мобильді бригадаларды, Call-орталықтарды, бейінді мамандардың қатысуымен мультидисциплинарлық топтарды қалыптастыру, жазылу және қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету бойынша жоспарлы пациенттерді қабылдау есебінен халық үшін амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің қолжетімділігін ұйымдастырды. Нәтижесінде, амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмектің тиімді жұмысы шұғыл шақырулар ағынын және стационарлардың шамадан тыс жүктелуін жеңуге мүмкіндік берді.
Сөз соңында А. Цой ЕуроДДСҰ өңірлік директоры Клюге мырзаға және Алматыдағы Еуропалық МСАК орталығының басшысы Якаб ханымға МСАК деңгейінде заманауи ұсынымдар мен практикаларды енгізуге бағытталған тұрақты қолдауы мен сындарлы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан халық денсаулығын сақтау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, ДДҰ-ға мүше мемлекеттермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды қолдайтынына сендірді.