Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

ҚАЗАҚСТАН SINOPHARM ҚЫТАЙ ВАКЦИНАСЫНЫҢ ЖАҢА ПАРТИЯСЫН АЛДЫ

9 қыркүйекте ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Бейжіңнен Алматыға Sinopharm (VeroCell) корпорациясы шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинаның кезекті партиясы келді. Жүк құрамына 3 млн. доза кірді. Жеткізілген вакцина дозалары ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.

Жалпы, Бірыңғай дистрибьютор ҚХР-мен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша 4 миллион доза сатып алды.

Бұл Қазақстанда тіркелген бесінші вакцина. Ковидке қарсы препарат Бейжің биологиялық өнімдер институтымен әзірленген және ДДҰ осы жылдың көктемінде мақұлдаған, ол әлемнің 45 елінде танылған. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай.

Келген вакцина стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін ҚР ДСМ СЭБК-нің үйлестіруіне сәйкес, жедел тәртіппен ел өңірлеріне жіберілетін болады. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болады.

Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын GMP және GDP барлық стандарттарын, сондай-ақ «суық тізбекті» сақтай отырып жүзеге асырады. Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оның жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда Қазақстан Sinopharm компаниясының Бейжің биологиялық өнім институты препаратының миллион дозасын, ал сәуір айының соңында БАӘ-де Hayat-Vax сауда атауымен шығарылған миллион дозаны алған болатын.

Анықтамалық:

Вакцинаны тасымалдау "суық тізбек" қағидаты бойынша жүргізіледі — әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр деңгейде – өзінің жауапты ұйымы болады..

Вакциналарды тасымалдау 4 кезеңде жүзеге асырылады:

  1. Өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына дейін;
  2. Бірыңғай дистрибьютор хабтарынан өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;
  3. Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға;
  4. Медициналық ұйымдарда қолданғанға дейін сақтау.