Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру жөніндегі ұлттық жоба талқыланды

 
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың төрағалығымен «Саламатты ұлт»  азаматтарға арналған сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі» ұлттық жобасы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Іс-шараға ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғам өкілдері қатысты.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын, Nur Otan партиясының «өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі 2021-2025 жылдарға жоспарланған «Саламатты ұлт»  азаматтарға арналған сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі» ұлттық жобасын» әзірледі.

Ұлттық жоба 4 бағыт және 8 міндетті қамтып, 20 көрсеткіш бойынша 83 іс-шарадан тұрады.

Бірінші бағыт – "қолжетімді және сапалы медициналық көмек" шеңберінде халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамту, жүкті әйелдердің және балалардың денсаулығын сақтауға арналған міндеттер белгіленді.

Екінші бағыт - "эпидемиологиялық болжау және қарсы әрекет етудің заманауи жүйесін қалыптастыру" бойынша инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі заманғы моделіне көшу және халықтың заманауи және дәлдігі жоғары зертханалық сараптамаға қолжетімділігін кеңейту ұсынылады.

"Отандық өндірістегі қолжетімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар" бағыты бойынша фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің ғылыми, кадрлық әлеуетін арттыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісі дамыту жоспарланған.

"Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту" бағыты бойынша қоғамның барлық санаттарын дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдануға ынталандыру, тұрғындардың спорт объектілерімен қамтылу деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.

М.Шоранов атап өткендей, «Саламатты ұлт»  азаматтарға арналған сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі» ұлттық жобасы халық денсаулығына оң ықпалын тигізетін елеулі нәтижелерге қол жеткізуге, инфрақұрылымды жаңартуға және бірқатар жүйелі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.



Дереккөз – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі