Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша ДДҰ және ЮНИСЕФ КВИ-мен күрестегі МСАК рөлі бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізді


Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ Балалар қорымен бірлесіп ұйымдастырған «COVID-19 пандемиясымен күрестегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі және әділетті қалпына келтірудегі көшбасшылық» тақырыбындағы іс-шараның тең төрағасы рөліне қатысты. Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтуде және қазақстандық тараптың бастамасы бойынша ЮНИСЕФ пен ДДҰ өткізеді.
 
Конференцияға 200-ден астам адам қатысты, оның ішінде ДДҰ басшылығы, мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері, министрліктердің өкілдері, денсаулық сақтау саласының мамандары, ДДҰ және Словения, Иран, Коста-Рика, Украина, Вьетнам, Гана, Уганда және басқа да елдердің басқа да халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының қызметкерлері.

А. Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры д-р Тедрос Гебрейесусқа және ЮНИСЕФ-тің Атқарушы директоры Генриетта Форр ханымға іс-шараны бірлесіп ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ, ДДҰ бас директорының орынбасары Д-р Жужанна Якабқа және ДДҰ Еуропалық бюросының өңірлік директоры д-р Ханс Клуге әріптестік бастамаларды іске асыруға қолдау көрсеткені және МСАК-ты ұлттық деңгейде нығайтуда елдерге жан-жақты техникалық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын.

Іс-шара барысында қатысушылар COVID-19 пандемиясына ден қою шаралары мәнмәтінінде бастапқы буын ұйымдары деңгейіндегі мүмкіндіктер мен тәжірибені және алдағы төтенше жағдайларға тиісті түрде дайындалуға мүмкіндік беретін алынған сабақтарды талқылады.

«Дәл қазір біз жалпы және төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін МСАК рөлі қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

МСАК эпидемиологиялық қадағалау, тестілеу, байланыстарды қадағалау, жеңіл және асимптоматикалық пациенттерді жүргізу және оларды оңалту іс-шараларын ғана орындап қоймай, төтенше жағдайлар кезінде халықтың негізгі Денсаулық сақтау қызметтеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Министрдің айтуынша, карантин кезеңінде МСАК ұйымдары аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыруды жалғастыруда, онкологиялық скринингтер жүргізуде, ауруларды ерте сатысында анықтайды, қант диабетін, туберкулезді емдеуді және шұғыл жағдайларды жүргізуді жалғастыруда.

А. Цой 2018 жылы қабылданған Астана қаласының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі декларациясы елдердің баршаның денсаулығы мен әл-ауқатына қол жеткізуге деген бейілділігін растайтынын, ешкімді де назардан тыс қалдырмайтынын еске салды.

Ол елдер мен үкіметтер оның принциптерімен келіскенін және әр адамның денсаулығының ең жоғары қол жетімді деңгейіне ие болу үшін қандай да бір айырмашылықсыз іргелі құқығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдағанын атап өтті.

ДДҰ бас директорының орынбасары Жужанна Якаб өз сөзінде «денсаулықтың ең жоғары деңгейі, әл-ауқат және барлық адамдар арасында медициналық көмектің тең бөлінуі» қамтамасыз етілетін денсаулық сақтаудың басты негіздеріне оралудың маңыздылығын атап өтті.

«МСАК-тың жаһандық бейілділігі 2018 жылғы Астана декларациясында және 2019 жылғы денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту бойынша БҰҰ Ассамблеясының саяси декларациясында көрсетілді. ЮНИСЕФ мониторингі бойынша баяндама ДҚЖҚ-ны қамтамасыз етудегі МСАК-тың маңызды орталық рөлін көрсетті. Бұл бізге пандемияға дейін мықты МСАК-тың маңызды рөлін түсінгенімізді еске салды. Бұл денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздікке қол жеткізу және оны қамтамасыз ету үшін маңызды қадам. Бұл бізге адам құқықтары мен теңдік мәселелерін назардан тыс қалдырмауға көмектеседі», - деді ол іс-шара барысында.

«Мен ҚР мен Цой мырзаға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сізге қайырымды басшылық етуіңіз үшін рахмет. ЮНИСЕФ-ке көшбасшылық рөлі үшін және ДДҰ-мен бірге осы шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. Ұзақ мерзімді серіктестік үшін, әсіресе МСАК жылжыту саласында. Бұл күрес 1978 жылдан бері Алматыда жалғасып келеді. Біздің денсаулығымызға деген көзқарасымыз - бұл біздің ең маңызды ісіміз», - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс.

Оның айтуынша, біз МСАК пен ДҚЖҚ-тың теңдессіз саяси ұстанымы кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ жаһандық деңгейде әлем бұл мақсатқа қол жеткізуден әлі алыс. Біздің есептеуімізше, 3,6 млрд адам денсаулық сақтаудың маңызды қызметтеріне қол жеткізе алмайды.
 
«Пандемия әлемдік денсаулық сақтау саласындағы көптеген проблемалардың негізінде жатқан теңсіздікті суреттеді. Қауіпсіз және тиімді вакциналарды рекордтық уақытта жасау бізге туннельдің соңында жарық бар деп үміттенуге мүмкіндік берді. Өкінішке орай, вакциналардың таралуының үлкен теңсіздігі бүкіл әлем халқы үшін туннельдің соңында жарық көруге мүмкіндік бермейді. Жаһандық деңгейде енгізілген 2,5 млрд дозаның тек 0,3%-ы табысы төмен елдерде енгізілді. ДДҰ және біздің серіктестеріміз осы теңгерімсіздікті жою үшін жұмыс істеуде», - деп атап өтті ДДҰ басшысы.

Осыған байланысты, Қазақстан МСАК мәселесін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясының күн тәртібіне енгізу және келесі жылы жоғары деңгейдегі кеңес өткізу бастамасын көтерді. Бұл ұсынысты кездесуге қатысушылар қолдады.

Кеңесті өткізудің мақсаты БҰҰ-ға мүше Мемлекеттердің Басшыларын халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне жалпыға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етудегі МСАК-тың маңызды рөлімен, сондай-ақ оның CОVID-19 пандемиясымен күрестегі рөлімен таныстыру болып табылады. Мемлекет басшылары Астананың МСАК жөніндегі декларациясымен және операциялық тетікпен (оны енгізу жоспарымен) танысады және Астана декларациясының қағидаттары мен қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге сәйкес алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әлеуетін дамыту мен арттыруға міндеттеме алады.