Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

«СПУТНИК V» SARS-COV-2 ЖАБАЙЫ ШТАМЫНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА АЙНАЛЫМДАҒЫ ЖАҢА НҰСҚАЛАРЫНА ҚАРСЫ ТИІМДІ КҮРЕСЕДІ - М.СМАҒҰЛ

Қазақстан Республикасында Covid-19-ға қарсы вакцинациялауға дайындық 2020 жылдан бастап жүргізілуде. Вакциналардың қолжетімділігін ескере отырып, бірінші кезеңде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары адамдарды вакцинациялау іске асырылды, бүгінгі күні вакциналардың түсуіне қарай халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялаумен қамту кеңейтілуде. «Спутник V» вакцинасының SARS-CoV-2 жабайы штамына және Қазақстанда айналымдағы жаңа нұсқаларға қарсы тиімділігі дәлелденді.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ ҚДСҰО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында КВИ-ға қарсы вакцинациялау үшін Н. Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы (Ресей) әзірлеген «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) вакцинасы және Қарағанды фармацевтикалық кешенінің (Қазақстан) базасында өндірілген «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) вакцинасы қолданылады.

«2021 жылғы 9 сәуірдегі электрондық тіркеу жүйесінен жүргізілген мониторинг деректері бойынша ҚР бойынша «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентімен – 230 мыңнан астам адам, екінші компонентімен – 83 мыңнан астам адам егілді. Шамамен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында COVID-19 ға қарсы келіп түсетін вакцинаның көлемін ескере отырып, республика бойынша шамамен 6 млн.адамды егу жоспарлануда», - деп атап өтті М. Смағұл.

Жұқпалы аурулармен күрестің ең тиімді шараларының бірі вакцинациялау екенін ескере отырып, ол қазақстандықтарға республика аумағында тіркелген қолжетімді вакциналардың кез келгенін егуді ұсынды, өйткені ел аумағында тіркеу бұл вакциналардың қауіпсіз және тиімді екенін растайды. М.Смағұл биыл наурыз айында Қазақстанда «Британдық» және «Оңтүстік Африка» штаммдарының айналымы сәйкестендірілгенін, ресейлік әріптестерінің деректері бойынша «Спутник V» вакцинасының вирус штаммдарының деректері бар екенін еске салды.