ВАКЦИНАЦИЯСЫЗ ЖАҢА ШТАМ САЛДАРЫНАН ПАНДЕМИЯНЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛУЫ МҮМКІН - А.ШАРМАН
Коронавирустың түрлері өзгереді, оның жұғу қауіпі күшейіп,індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін азаматтар жаппай вакцина қабылдауы қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, профессор Алмаз Шарман мәлімдеді.
«COVID-19 вакцинациясы әдетте екі кезеңде жүргізіледі. Вакцинаның екінші дозасы біріншісінен кейін үш апта өткен соң салынады. Нәтижесінде ағзада антидене, сондай-ақ иммундық жасушалар пайда болады да, 90 пайыз COVID-19-дан қорғайды. Сонда шамамен 10 пайыз коронавирус жұқтыру қаупі қалады. Сондықтан, вакцинациядан кейін де маска киіп, қол гигиенасын, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау керек. Сақтық шараларын адамдар жаппай вакцина алып, қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін жалғастыруға тура келеді», - деді А.Шарман.
Қалыпты өмірге тезірек оралу үшін коронавирусқа қарсы вакцина алған дұрыс. Сонда әр адам инфекцияның таралуын тоқтатуға жәнепандемияның аяқталуынаүлес қосады.
Профессор адамзат бұған дейін де пандемиямен жұқпалы аурулар эпидемиясын бастан кешкенін еске салды. Ол кезде де індетті эпидемияға қарсы шаралар, сондай-ақ вакцинация мен тиімді дәрі-дәрмек жасау арқылы жеңді. Елу жыл бұрын вакцинацияның арқасында миллиондаған адамның өмірін қиған ауру ауыздықталды. Инновациялық дәрі-дәрмектердің көмегімен дәрігерлер бүгінде АИТВ/ЖИТС пандемиясымен күресуде.
«Бірнеше айдың ішінде әлемде ондаған COVID-19 қарсы вакцина жасалды, дәрігерлер екпенің жоғары тиімділігіне таңғалуда. Коронавирус мутацияға ұшырайды, яғни ол өзгереді. Оның жұғу қауіпі күшейіп, індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін.Бұған жол бермеу үшін қысқа мерзімде адамдарды жаппай вакцинациялау керек. Сондықтан азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға және пандемияны жеңуге нақты үлес қосуға шақырамын», - деді А.Шарман.