20 қазан - Дүниежүзілік остеопорозға қарсы күрес күні.
Негізі, адамдар арасында созылмалы сүйек ауруы көп кездеседі. Грек тілінен аударғанда остеопороз «сынғыш сүйек» деген мағынаны білдіреді. ⠀ Жыл сайын әлемде 200 миллионға жуық әйел аталған ауруға шалдығады. 60 жастағы әйелдердің оннан бір бөлігі, 70 жаста бестен бір бөлігі, 80 жаста бестен екісі және 90 жаста үштен екісі осы дертке душар болады. ⠀ Осы ауруға шалдыққан науқастар арасында әр 3 секунд сайын сүйек сынады. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын 9 миллионға жуық адамның сүйегі сынады. Әсіресе, білек, омыртқаның дистальды бөлігі зақымданады, ең қауіптісі - жамбас мойны сынуы, пациенттердің 40% бірінші жылы қайтыс болады. ⠀ Қазақстанда күн сайын 32 жамбас бөлігінің остеопорозы тіркеледі. Мамандардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай білектің дистальды және иық сүйегінің проксимальды бөлігі ауыратын науқастар екі есеге, жамбасы сынғандар саны 140% өсуі мүмкін. ⠀ «Министрлік үшін остеопороз әлеуметтік маңызды проблемалардың бірі. Соңғы онжылдықта 50 жастан асқан адам санының өсуіне байланысты науқастардың да қатары артты. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай 50 жастан асқан халық 35%, 70 жастан асқандар 95% өседі, демек, 2050 жылға қарай сырқат өсімі 64% және сәйкесінше 152% болады. Адам жасы ұлғайған сайын, сүйектің сыну қаупі де соғұрлым жоғары», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіндегілер. ⠀ Ауруды асқындырып алмау үшін денсаулыққа мән берген дұрыс - салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жылына кемінде бір рет профилактикалық тексеруден өтіңіз. Арқа және кеудеңіз ауырса, сүйек жиі сынатын болса, бірден дәрігерге қаралыңыз.