Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Педиатриялық бөлімшенің жұмыс уақыты:

  • Жұмыс күндері күн сайын: 08:00 – 18:00

  • Сенбі күні: 09:00 – 14:00 (қабылдауды кезекші педиатр жүргізеді).

Бөлім меңгерушісі:
Еликеева Асия Абылкасымовна – жоғары санатты дәрігер-педиатр.

Аға мейірбике:
Акылбаева Галия Едигеновна – жоғары санатты мейірбике.


Мақсат

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек жағдайында инновациялық және диагностикалық технологияларды қолдана отырып, тіркелген халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету.


Негізгі міндеттер

  • Халыққа амбулаториялық көпсалалы көмек көрсету (құзырет сипаттамасы мен алынған сертификатқа сәйкес);

  • Сәбилер өлімін азайту;

  • Халық арасында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, денсаулық мектептерін ұйымдастыру, санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.


Негізгі функциялар

  • Аурулардың жасырын түрлерін ерте анықтау;

  • Пациенттердің денсаулығына динамикалық бақылау жасап, қажетті емдік-сауықтыру шараларын жүргізу;

  • Жұқпалы аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (алдын алу) іс-шараларды жүргізу;

  • Мүгедектерге медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдастыру және оңалту шараларын жүзеге асыру;

  • Иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;

  • Алдын алу және скринингтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;

  • Тіркелген халыққа психологиялық көмек пен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету.


Қызмет ауқымы

Учаскелік-педиатриялық қызмет Костанай қаласының РПН-ге тіркелген балаларға (12 389 бала) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.
Медицина қызметкерлері педиатриялық қабылдау, профилактикалық тексерулер, жас ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылмаған балаларды скринингтік тексерулер жүргізеді. Бұл тексерулердің мақсаты – аурулардың алдын алу, ерте анықтау және болдырмау, сондай-ақ әртүрлі жас кезеңдерінде, оның ішінде жасөспірімдік шақта, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты дамитын аурулардың алдын алу.

Бөлімшеде:

  • Вена ішілік және бұлшықет ішілік емдік манипуляциялар,

  • Қан талдауларын алу,

  • Балаларға профилактикалық екпелер,

  • Массаж және физиотерапия жүргізіледі.

Маңызды бағыттардың бірі – отбасын жаңа туған нәрестеге дайындау. Осы мақсатта бөлімшеде «Баланың даму кабинеті» ашылған, онда:

  • «Жас ана мектебі» жұмыс істейді,

  • Балалардың есту және көру патологиясын анықтауға арналған скрининг жүргізіледі,

  • Емшекпен емізу ережелерін үйрету,

  • Жас ата-аналарды 5 жасқа дейінгі балалардың ауруларын біріктіріп жүргізу әдістемесі бойынша оқыту жүзеге асырылады.

Бөлімшеде балалар психологы, логопед және әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.