Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

Біріңғай қоңырау шалу телефоны

8 (7142) 52-40-20

Пациенттерді қолдау қызметі

8 (7142) 22-94-95

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі

8 (7142) 22-45-95

Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны

8 (7142) 22-53-62
Емханада 8(7142)22-53-62 шұғыл психологиялық көмек телефоны жұмыс істейді.

Сіз емхананың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша кез келген сұрақтармен жүгіне аласыз:

Құпиялылыққа кепілдік беріледі
Сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды

ЕМШЕКТЕГІ БАЛАНЫҢ ТАМАҒЫ

Жаңа туған сәбиді ана сүтімен қоректендіру аса маңызды. Себебі , емшектегі бала тамақты көп та¬лап етеді, бірақ оның ас қорытатын органдары әлі жетілмегендіктен, ішкенін сіңіру мүмкіндігі өте шектеулі. Сондықтан баланы алғашқы күннен бастап-ақ емшек сүтімен қоректендіру керек: емшек сүті жеңіл қорытылады, онда бала ға қажет қоректік заттың барлығы бар. Сондықтан да ана сүтінің маңызы ерекше. Емшек сүтінің молдығы мен сапасы ананың белгілі режимді сақтауына және ішетін тамағына байланысты. Емшекте баласы бар әйелге арнайы диета ұстаудың қажеті жоқ, әр түрлі және үйреншікті тағам - ананың денсаулығын дұрыс сақтаудың және сүтінің мол болуының басты кепілі болып табылады. Соның өзінде емшекте баласы бар әйел күніне кем деген¬де 0,5л сиыр сүтін ішуі керек, ананың ішімдік ішуіне, темекі тартуына мүлде болмайды, сондай-ақ ол пияз, сарымсақ секілді ащы тағамдардан бас тартқаны жөн. Баланы емізуден ешқандай зиян келмейді. Анасының сүті көп болғанымен, емшегінің үрпі қаттылығынан бала дұрыстап еме алмаса, емізер алдында сүтінің біразын сауыл алып тамақтандырған дұрыс. Ана екі қабат кезінде емшегінің ұшы дұрыс шықпаса, онда оны қолмен созғылау арқылы массаж жасайды, баланы емізгеннен кейін емшекті сүт сорғышпен сорғызып отырады. Үрпі жарылған жағдайда немесе мастит пайда бола бастағанда баланы емізуді тоқтатудың керегі жоқ, бірақ міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Емшекте ірің пайда болғанда ғана емізулі уақытша тоқтатады. Етеккірдің келуі баланы емізуді тоқтатуға себеп болмауы тиіс. Бала емізетін кезеңде қобалжуға және ренжуге болмайды, өйткені мұндай жағдайда сүт азаяды немесе мүлдем шықпай қояды.
Баланы емізер алдында қолды сабынмен мұқият жуып, ал емшек пен үрпіні қайнаған суға немесе бор қышқылының ерітіндісіне (1 стакан суға 1 ас қасық) малынған мақтамен сүртіп, таза¬лайды. Алдымен шамалы сүтті сауып тастайды. Нәресте туғаннан кейін алғашқы 4 күнде жатып емізеді де, одан кейін отырып емізу керек. Баланы емізу үшін аяғының астына орындық қойып (қай емшегін емізсе, сол жақ аяғына қояды), аласа орындыққа ыңғайланып отырады. Анасы бір қолымен баланы ұстап, екінші қолымен емшекті оның аузына ыңғайлап салады: баланың мұрнын жауып тұншықтырмауы үшін 4 саусағымен емшекті басып тұру керек. Әр жолы баланы тек бір емшекті толық тауысқанша емізеді, егер бала сүтті таусып еме алмаса, онда қалған сүтті міндетті түрде сауып тастау керек. Баланы 15-20 минут емізеді (кейде әлді бала 10-15 минутта еміп бітіреді). Дегенмен емізу уақыты 20-30 минуттай аспауы тиіс. Егер бала жөнді еме алмаса, Онда 20 минуттан кейін емізуді тоқтатыл, сауып алынған сүтті қасықпен беру қажет.
Емізу уақытының жиілігі баланың жасына байланысты болып келеді. Сәбиді алғашқы 3 айлығында түнде 6 сағат үзіліс жасап, әр 3 сағат сайын, небәрі 7 рет емізеді (6, 9, 12, 15, 18, 21, 24 сағатта); 3 айлығынан 5 айлығына дейін 6,5 сағат үзіліс жасап, 3,5 сағат сайын, не бәрі 6 рет, Ал 5 айлығынан 1 жасқа дейін түнде 8 сағат үзіліс жасап, 4 сағат сайын, не бәрі 5 рет емізеді. Балаға керекті сүттің тәуліктік мөлшері оның жасына байланысты және ол төмендегідей болып бөлінеді: бір апталық баланы 10Х п Х7 формуласы бойынша емізеді, п - баланың өмір сүрген күнінің саны болып табылады. 2 айлық бала тәулігіне 800 мл сүт емеді; ал 2 ай толғанға дейін ол аптасына 50 мл сүтаз ему керек; сондай-ақ 2 айдан асқанда әр айда 50 мл сүт көп емуі тиіс. 2 аптадан 6 аптаға дейінгі нәресте тәулігіне денесінің салмағына 1/5 - 1/6, 6 апталығынан 4 айлығына дейін - 1/6; 4 айлығынан 6 айлығына дейін - 1/7 - 1/8 салмағына тең мөлшерде тағам қабылдауы керек. Сонда тағамның тәуліктік мөлшері 1000 мл-ден аспауы тиіс.